«Нұржанар» АҚ прокуратураның араласуынан кейін ғана 3,318 млн. теңге жалақы берешегін өтеді - БҚО

ОРАЛ. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «Нұржанар» АҚ-ның 2012 жылдың желтоқсан айы үшін 86 жұмысшыға 3,318 млн. теңге жалақысын төлемегендігін анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қала прокуратурасы енгізген заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым негізінде берешек толық өтелді. Сөйтіп 86 азаматтың еңбек құқығы қорғалды.