Жасанды интеллектті дамытумен айналысатын басқа технологиялық алпауыттар одан да көп ондаған миллиард доллар жоғалтты.
Күннің соңына қарай Nvidia акцияларының құны 16,9%-ға немесе жалпы $589 млрд-қа төмендеді.
Nvidia бәсекелесі Broadcom компаниясы 17,4% немесе шамамен 200 млрд доллар шығынға ұшырады.
Microsoft акцияларының бағасы бір күнде 2,14%-ға (шамамен 70 млрд доллар, бірақ әлі $3,23 трлн доллар қалды), ал Google иесі Alphabet акциялары 4%-ға (95 млрд доллар) арзандады.
АҚШ-тың Nasdaq100 технологиялық компанияларының индексі 3%-ға жуық төмендеді.
Америкалық компаниялар жасанды интеллект жүйелерін дамытуға жүздеген миллиард доллар инвестициялады және оған тағы қаражат құюды жоспарлап отыр. Ал қытайлық DeepSeek компаниясы өзінің чат-ботын небәрі 5,6 млн долларға жасап, оқытқанын сендіріп отыр.
Бұған дейін Ұлыбритания жасанды интеллект саласында супердержава мәртебесін алуды мақсат етіп отырғанын жаздық.