Компания өкілдерінің хабарлауынша, ынтымақтастық кремний фотоникасына — деректерді өңдеу орталықтарында тасымалдауды жеделдететін оптикалық технологияларға бағытталады.
Серіктестіктің мақсаты — жасанды интеллект және NVIDIA графикалық процессорларына арналған арнайы чиптердің біріктірілуін тұтынушыларға мүмкіндігінше ыңғайлы ету.
Marvell қазір Amazon сияқты ірі америкалық компанияларға жасанды интеллектіге арналған жеке үдеткіш чиптерді жасауға көмектесіп отыр. NVIDIA компаниясымен серіктестік осы технологияларды енгізуді жеделдетуге және деректер орталықтарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұрын Marvell Celestial AI компаниясын 3,3 миллиард долларға сатып алған еді. Бұл компания жүз мыңдаған жасанды интеллект үдеткіш чиптерін қуатты кластерлерге біріктіруге мүмкіндік беретін технологияларды дамытады. Бұл Google Gemini, Anthropic Claude және ChatGPT сияқты жүйелердің негізін құрайды.
Жаңалық жарияланған соң Нью-Йорк қор биржасында Marvell акциялары шамамен 9–11% артты, ал соңғы бір жылда компанияның деңгейі 50 пайыздан астам өсті, оның нарықтық капитализациясы шамамен 83 миллиард долларға жетті.
Айта кетейік, Қазақстанда NVIDIA компаниясымен серіктестікте егемен есептеу хабы құрылып жатыр.
Сонымен қатар жуырда ғана NVIDIA Қытайға арналған H200 ЖИ чиптерін қайта шығара бастады.