Депутаттарға бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения және Қырғыз республикаларының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жайлы заң жобасы.
Бұдан басқа күн тәртібінің жобасында мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заңнамалық түзетулерді II оқылымда қарау көзделген.
Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста палата комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты және ТМД қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа алмақ.