- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы, - деді Н.Нығматулин.
Осы күні Санкт-Петербор қаласында өтетін ҰҚШҰ тоғызыншы пленарлық отырысында ұйымға мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік бағытында кадрларды қайта даярлау мәселесінде ұлттық заңнаманы үндестіру жолындағы ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер назардан тыс қалмайды.
ҰҚШҰ ПА құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкілдері кіреді. Үш тұрақты комиссия жұмыс істейді. Олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, саяси және халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.