ТМД ПАА өкілдеріне өз алғысын жеткізе келіп, Н. Нығматулин біздің еліміздің халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, жариялы, әділ сайлау өткізуге айрықша мән беретініне тоқталды.
Өз кезегінде И. Умаханов: «Елдің жоғары заң органының сайлау науқаны маңызды саяси оқиға. Оның үстіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған саяси реформадан кейін Парламенттің өкілеті артуына байланысты бұл саяси науқанның өзектілігі бұрынғыдан арта түсті», - деп атап өтті.
Тараптар сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына қатысты маңызды сұрақтар бойынша пікір алмасты. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға да баса назар аударды.