Палата Спикері А. Мамаюсуповты лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстан Парламенті ТүркПА аясындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беріп отырғанына тоқталды.
Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы осы бағыттағы бірлескен жұмыс барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Қырғызстанға ауысқан ТүркПА-ға төрағалығы кезінде түркітілдес елдер парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл қарқынды түрде жалғасатынына сенім білдірді.