АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейтте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, пневматикалық тапаншамен 10 метрді көздеген командалар арасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола медаль иеленді.
Аталған сында Қазақстан командасының намысын Никита Чирюкин, Эльдар Иманқұлов және Ярослав Махнев қорғаған болатын.
Бірінші орынды Үндістан, екінші орынды Қытай командалары иеленді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.