АСТАНА. қазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден қазақстандық мергендер жарысты бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі хабарлағандай пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан командасы Азия ойындарын бесінші орыннан ары аса алмады.
10 метрге нысана көздеуде Владимир Исаченко мен Зәуреш Байбосынова финалға өткен болатын. Өкінішке қарай, біздің мергендер жүлделі орынға іліге алмады. Олар жалпы есепте 323.9 ұпай жинады. Алайда бұл көрсеткіш жүлделі орыннан көрінуге аздық етті.
Бұл спорт түріндегі алтын жүлдені Қытайлық команда жеңіп алса, күміс жүлдені кореялықтар қанжығасына байлады. Ал үздік үштікті вьетнамдық спортшылардың еншісіне бұйырды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.