Министрдің дерегінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 1,4 трлн теңгені құрады. 13 млрд теңге атқарылмаған.
«Биыл өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 сәуірге 328 млрд теңге бөлінген. Оның 99,2 пайызы игерілген. 2,5 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 0,5 млрд теңге – үнемдеу, 2 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында қалыптасты», - деді Ерұлан Жамаубаев.