Губернатор Кэти Хокул тиісті заңға қол қойды. Құжат өмір сүру ұзақтығы алты айдан аспайды деп болжанған науқастарға қатысты қолданылады
Заңға сәйкес, айықпас диагнозы расталған, 18 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс әрі дәрігер тағайындаған препаратты өз бетінше қабылдай алатын Нью-Йорк тұрғындары өмірден өз еркімен кетуге арналған арнайы дәрі-дәрмекті алуға өтініш бере алады.
Құжатта бұл құқықты пайдалану үшін қатаң талаптар белгіленген. Атап айтқанда, өтініш беруші Нью-Йорк штатында тұрақты тұруы және психикалық жағдайына қатысты арнайы тексеруден өтуі қажет.
Басылымның жазуынша, бұл АҚШ-та эвтаназияға қатысты қабылданған ең қатаң заңдардың бірі саналады.
Заң күшіне енгеннен кейін Нью-Йорк эвтаназияны заңдастырған АҚШ-тың 14-штаты болды.
Еске салайық, бұған дейін Латын Америкасында эвтаназияны бірінші болып Уругвай заңдастырғанын жазғанбыз.