Нью-Йорк әуежайында екі ұшақ соқтығысты
АСТАНА. KAZINFORM — Сәрсенбі күні кешке Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайындағы жермен жүру жолында Delta Air Lines компаниясының екі ұшағы соқтығысты, деп хабарлайды CBS News.
Америкалық Delta Air Lines әуе компаниясы өз мәлімдемесінде Солтүстік Каролинадан келген Endeavour Air 5047 ұшағы мен Вирджинияға ұшуы тиіс болған Endeavour 5155 ұшағы соқтығысып қалған.
Әуе компаниясының мәліметінше, 5155 рейсінің қанаты 5047 рейсінің фюзеляжына соғылғанын көрсетіп отыр.
Оқиға салдарынан бортсерік жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Екі ұшақтың бортында 93 адам болған. Барлық жолаушы қонақүй бөлмелерімен қамтамасыз етіліп, бейсенбідегі жаңа рейстерге тапсырыс берілді.
Қазіргі уақытта соқтығысу себебі белгісіз.
— Оқиға әуежайдың жұмысына әсер еткен жоқ, — деді порт басшылығы.
Еске сала кетсек, өткен аптада Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке аттануға дайындалып тұрған «Россия» әуе компаниясының ұшағы басқа әуе компаниясының ұшағымен соқтығысып, зақымданғанын хабарлаған болатынбыз.