Нью-Йоркте мексикалық кеме көпірге соғылды: зардап шеккендер мен мерт болғандар да бар
АСТАНА. KAZINFORM – Сенбі күні кешкісін Нью-Йоркке мерекеге келе жатқан Мексика әскери-теңіз күштерінің желкенді кемесі Бруклин көпіріне соғылды, деп хабарлайды Синьхуа.
Мексиканың «Куаутемок» әскери-теңіз күштерінің кемесінде 277 адам болған.
BBC кейінгі мәліметтері бойынша, екі адам мерт болып, 19 адам жарақат алған.
Әлеуметтік желіге жүктелген видеодан 147 футтық кеме мачталары көпірдің астынан емін-еркін өтуге тым биік екені көрініп тұр.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Американың 2026 жылдығын тойлау үшін кеме Нью-Йоркке 2026 жылдың шілдесінде қайтуы керек болатын.
Осы оқиғадан соң Нью-Йорктің полиция басқармасы Х әлеуметтік желісінде азаматтарға тергеу, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары жүріп жатуы себепті Бруклин көпірінен аулақ болуға шақырды.
Бруклин көпіріндегі жолдың барлық жолақтарында қозғалыс тоқтаған.
Осыған дейін Триполидегі наразылық кезінде бір адам опат болғаны туралы жаздық.