Оқиға 11 желтоқсан күні Ташкент уақытымен сағат 07:35-те Нью-Йорк – Ташкент HY102 рейсінде болғаны атап өтілді. Boeing 787 ұшағының капитаны бағыт бойынша балама әуежайға қонуға шешім қабылдады. Борттағы оқиға радиобайланыс арқылы хабарланды. 1991 жылы туған Өзбекстан азаматын полиция қызметкерлері рейстен алып шықты.
Қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін ұшақ белгіленген әуежайға ұшуын жалғастырады.
HY102 рейсі Ташкентке Ташкент уақытымен сағат 13:00-де жетеді деп жоспарланған.