Суреттер 450 мың долларға бағаланды. Ең қымбатқа сатылғаны Бавариядағы Нойшвайнштайн қамалының суреті болды. Оны Қытайдан келген инвестор 110 мың долларға сатып алды. Нюрнберг аукцион үйі осымен бірнеше рет Гитлердің суреттерін сатты. Нацистік партия құрғанға дейін Гитлер суретші болуды армандаған. Германияда нацизмді насихаттауға заңмен тыйым салынған. Алайда, Гитлердің суреттерін сатуға руқсат бар. Себебі, оның суреттерінде нацистік идеологияны насихаттайтын белгілер жоқ.
05:15, 21 Маусым 2015
Нюрнберг қаласында Гитлердің суреттері қымбат бағада сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Нюрнберг қаласында «Auktionshaus Weidler» аукцион үйі өткізген бәссаудада Адольф Гитлердің 1908-1922 жылдар аралығында салған 14 акварелі сатылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.