Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
18:20, 07 Наурыз 2013
Ө.Мизанбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Өсер Елеусізұлы Мизанбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.