Ө.Мизанбаев ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды
15:48, 18 Наурыз 2013
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы қызметіне генерал-майор Өсер Елеусізұлы Мизанбаев тағайындалды.
Департаменттің ұжымына жаңа басшыны ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаев таныстырды.
Өсер Мизанбаев бұған дейін ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарды.