О.Рыпакова - үздіктер қатарында - Қазақстанның 2012 жылғы мықты атлеттерінің рейтингі құрылды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясында елдің 2012 жыл бойынша мықты сплртшыларының рейтингі құрылды.

Бұл туралы «Казахстанская правда» газетінің бүгінгі санындағы «Лучшая, конечно, Рыпакова...» атты мақаласында журналист Юрий Макаров жазды.

 Әрине, басты өлшем олардың Лондондағы Олимпиада ойындарындағы, басқа ірі халықаралық жарыстардағы жетістіктері болды. Дәстүрлі байқау тізіміне маусымда спорт шеберінен кем емес нәтижелерді көрсеткен Қазақстанның 82 жеңіл атлеті кірді.

 Нәтижесінде 2012 жылы үшсекірісте жеңіске жеткен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова көшбасшы атанды. Оның қорытынды бағасы - 2 872 ұпай. Одан кейін үш жүз және одан да көп балға қалып қойған жүгіруші Маргарита Мұқашева (Мацко), онсайысшы Дмитрий Карпов, желаяқтар Ольга Блудова, Наталья Ивонинская және Артем Косинов, үшсекірісші Евгений Эктов, биіктікке секіруші Марина Аитова, жүгіруші Виктория Зябкина бар. Үздіктер тізімін сырықпен секіруші Никита Филиппов, қатарынан үш рет секіруші Роман Валиев пен кедергілері бар 100 метрге жүгіруші Анастасия Пилипенко аяқтады.