«Қысқы Олимпиадаға бірнеше спорт объектісі ғана салынады. Ең қымбаты - шана-бобслей трассасы болмақ. Көптеген маңызды спорттық құрылымдар 2017 жылы Универсиадаға дейін салынады. Ол мұз айдындары, олимпиадалық ауыл», - деді О. Шишигина.
Оның сөзіне қарағанда, барлық спорт нысандары халықаралық стандартқа сай салынады.
Еске сала кетейік, 2 қазанда Норвегия 2022 жылы Ослода қысқы Олимпиада ойындарында өткізуден бас тартқаны белгілі болды. Осылайша 2022 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруда Алматының жалғыз бәсекелесі Бейжің ғана қалды.