Ө.Шөкеев Ақтөбеде ТКШ саласын қайта жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде көшпелі кеңес өткізеді

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Ақтөбеде бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі көшпелі кеңес өтеді.

Кеңеске қатысушылар көп пәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстарының нәтижесін талқыға салады.

ТКШ қайта жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға аралған бағдарламасында жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың екі тетігі бар, деп хабарлады «Қазақстанның ТКШ қайта жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ-ның баспаөз қызметі.

2011 жылдың 17 қазанындағы жағдайға сәйкес бірінші тетік бойынша (термомодеріндеу элементтерімен бірге күрделі жөндеуден өткізу) 14 аймақта 73 үйді жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынды.

2011 жылдың 17 қазанындағы жағдайға сәйкес екінші тетік бойынша (жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлері) 15 өңірдегі 305 үйге жөндеу жұмыстары басталды. Бұл биыл жөндеуден өтеді деп жоспаранған үйлердің 73 пайызын құрайды.

Бағдарламаның екі тетігі бойынша Ақмола облысында (14 үй), Ақтөбе облысында (45 үй), Алматы облысында (20 үй), Атырау облысында (12 үй), ШҚО-да (48 үй), Жамбыл облысында (18 үй), Батыс Қазақстан облысында (13 үй), Қарағанды облысында (36 үй), Қызылорда облысында (12 үй), Маңғыстау облысында (2 үй), Павлодар облысында (9 үй), Солтүстік Қазақстан облысында (16 үй), Оңтүстік Қазақстан облысында (5 үй) және Астана (8 үй) мен Алматы (47 үй) қалаларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.