деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ө. Шөкеев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін биыл дизель отыны және АИ-80 бензині нарықтық бағадан төмен деңгейде жеткізілетінін айтты.
Ө. Шөкеев осы тұрғыда күрделі мәселелердің бірі ретінде, яғни мұнайшылардың пайымдауынша, Үкімет белгілеген бағадан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жанармайды әлдеқайда жоғары бағамен алуы мүмкін.
Сондықтан Үкімет басшысының бірінші орынбасары әкімдерге жергілікті жерлердегі өкілетті компанияларды қадағалап, шаруашылықтарға баға тиісті дегейде жеткізілуі мәселесін бақылау керектігін қадап айтты.
«Осы мәселеге әкімдер тікелей жауапкершілікпен қарауы тиіс. Жалпы, біз бағаны белгілегеннен кейін, сондай-ақ облыстар бойынша квоталарды айқындағаннан соң, енді жергілікті жерлер мен шаруашылықтарға жанармайды жеткізу әкімдердің жауаптылығына кіреді», - деп атап өтті Ө. Шөкеев.