«Президент 2020 жылға дейін қор активтерін екі есеге ұлғайту тапсырмасын жүктеді. Өте күрделі тапсырма. Бірақ, орындауға болады. Біз нақты бастамалардың арқасында соңғы үш жылдың ішінде компанияның құнын 26 пайызға көтере алдық.
Демек, меніңше, осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылға дейін екі есе ұлғайтуға қол жеткізе аламыз», - деді Ө.Шөкеев.
Сонымен қатар, ол Елбасының қор алдына еңбек өнімділігін 30-40 пайызға көтеру міндетін де жүктегенін атап өтті. «Бұл да жүзеге асыруға болатын тапсырма деп білемін», - деді ол.