және сумен қамтамасыз ету салаларындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің баспасөз қызметі.
ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын ағымдағы жылдың алты айында жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат берді.
Кеңес барысында облыс әкімдіктерінің басшылары жөндеу жұмыстарын келесі аптадан бастай беруге дайын екендігі туралы есеп берді.
Сондай-ақ «Ақ бұлақ» бағдарламасының аралық қорытындылары туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша Ө.Шөкеев уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.