«Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркі академиясы құрылды. Ол екі-үш жылдан бері іс-қимылға талпынғанымен оны қалай бастау керектігін білмейді. Мен оның жанында ТМД Түркітанушылары одағын құруға әрі ағымдағы жылдың қыркүйегінде алғашқы кездесуін өткізіп, Түркі академиясының бағдарламасын әзірлеуге тырысудамын», - деді О.Сүлейменов.
Сонымен қатар ол КСРО күйрегеннен кейін іс жүзінде тоқырауға ұшыраған түркітанушылар ғылымын бірлесе отырып қайта жаңғырту қажеттігін баса айтты. «Айналып келгенде түркі, славян грамматикасы мен 1001 сөздің жалпы шығу тегін түсінуге мүмкіндік беретін Түркі-славянтану институтын құруға да күн келер», - деді ол.