Бұған дейін хабарлағанымыздай, тарихи кездесуге Орталық Азия елдерінің барлық дерлік басшылары жиналды. Алдын ала жоспарланған жоғары деңгейдегі шараларға байланысты Астанаға Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қана келе алмады. Оның орнына Түрікменстан Меджлисінің төрайымы Акджа Нурбердыева қатысты.
Мемлекет басшылары Орталық Азия халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, бірлескен мәлімдеме жасады.
Кеңестің келесі кездесуі Ташкентте өтеді.