Оқиға Йоханнесбургтен 75 шақырымда орналасқан Harmony Gold компаниясының шахтасында техникалық жұмыс жүргізу барысында орын алды. Жалын 2,3 мың метр тереңдікте тұтанған.
Өрт шыққан сәтте шахтада 468 жұмысшы болған, 287 адамды құтқарып үлгерді, қазір олардың 280-і жер бетіне шығарылды, деп хабарлады Harmony Gold баспасөз қызметінен. Қалған шахтерлердің тағдыры әзірге белгісіз.
Бұл шахтада мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұрған жоқ. 2014 жылғы ақпанда забойда шыққан өрттен сегіз кенші көз жұмған болатын.