Шағын автобустың соқтығысқаннан кейін бір жағына құлап, жанып кеткені айтылады. Көлікте бастауыш және орта мектеп оқушылары отырған. Әлеуметтік желілерде жарияланған фотоларда көліктің толықтай жанып кеткені анық көрінеді.
Жол-көлік апаты Бронкхорстспрёйт мен Верен қалаларының арасындағы трасса бойында, Преториядан 60 км жерде болған. Апат болған аймаққа жеткен медиктер жанып кеткен көліктің ішінен 13 баланың мәйітін тапты. Балалардың тағы 7 денесі жол бойынан табылған.
«Бұл қайғылы жаңалық біздің жанымызға батып отыр»,-делінген Гаутенг провинциясының білім беру департаментінің хабарламасында.
Әзірге жол апатының себеп-салдары айтылмай отыр.