SAPA агенттігі хабарлағандай, қайғылы оқиға Скукуза маңындағы гольф алаңында ОАР-дағы Крюгер Ұлттық саябағында орын алған.
Саябақ қызметкерінің ұлы 29 жастағы Жак фан дер Сандт жапа шекті. Ойыннан кейін ол гольф алаңында бөгет ретінде пайдаланылатын тоғанға жақындаған. Бұл жерде ұзындығы 4 метр болатын қолтырауын жүзіп болған. Ол спортшыны суға тартып алып кеткен. Құтқарушылар тапқанша, Жак ажал құшқан.
л