ОАР-да шахтадан 20-дан астам адамның мәйіті табылды

ЙОХАННЕСБУРГ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Йоханнесбург муниципалитетіндегі Крюгесдорп қаласындағы қолданыстағы бірнеше шахтадан алдын ала болжам бойынша заңсыз жұмыс істеп жүрген 21 кеншінің мәйіті табылды.

Бұл туралы бүгін полиция мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаза болған кеншілер саны 21-ге жетті. Олар заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Полицияның іздестіру-құтқару тобы тағы екі мәйітті тапты. Олар бейсенбі күні таңертең, басқа мәйіттер табылған жердің жанындағы ашық шахта ұңғысынан шығарылды», - деді полицияның ресми өкілі Бренда Муридили.

Бір күн бұрын полиция Крюгерсдорптағы жұмыс істеп тұрған бірнеше шахтада 19 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.





Фото: shutterstock.com