ОАР-да шығарылған алмас бәссаудада 22 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында шығарылған, еш ақауы жоқ 100 караттық алмас Нью-Йорк қаласындағы Sotheby's бәссаудасында үш минуттық саудадан кейін 22 млн. долларға сатылып кетті.

Бағалы тасты сатып алған адам есімінің жарияланбауын қалады, деп жазады Би-би-си.

De Beers компаниясы шығарған алмас бұған дейін бәссаудаға түскен көлемі және сапасы осындай бес тастың бірі болды.

Sotheby's зергерлік бөлімінің сарапшысы атап өткендей, асыл тас мұзды су құйылған ыдыс сияқты мөлдір.

Саудадағы рекорд 2013 жылы 83 млн. долларға сатылған «Алқызыл жұлдыз» атты бірегей алқызыл гауһар тастың еншісінде.