Қайғылы оқиға Бамбари мен Иппа қалаларының аралығында болған.
Жүк көлігіне базарға бара жатқан саудагерлер мінген.
«Қазіргі уақытта біз 78 адамның мерт болғанын және 72-сінің жараланғанын анықтадық. Зардап шеккендердің бірқатары үйлеріне жеткізілген, бірақ олар артынша қайтыс болды»,-деп хабарлады агенттікке Бамбари қаласындағы ауруханалардың бірінің бас дәрігері.