ОАР-дың Қазақстандағы елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африка Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Лунгисани Нтомбеламен кездесті.

Фото: ҚР СІМ

Кездесу аясында Л.Нтомбела сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз кезегінде Ә.Қуантыров Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

— Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сұхбат аяғында тараптар екіжақты және көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті, — делінген хабарламада.

Фото: ҚР СІМ

Осыдан бұрын Кореяның Қазақстандағы жаңа елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырғанын жазғанбыз.