Кездесулер барысында Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар мен бастамалар бойынша егжей-тегжейлі ақпараттандырды.
Қазақ дипломаты экономика, сауда және білім беру сияқты бірқатар негізгі салаларда, сондай-ақ орнықты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін шарттық-құқықтық базаны жетілдіруді ұсына отырып, Қазақстанның Оңтүстік Африкамен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын атап өтті.
Өз тарапынан, Оңтүстік Африка Парламентінің палаталар басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді. Олар екі ел арасында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігіне сенім білдіріп, нәтижесінде өзара тиімді серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын атап өтті.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар екіжақты парламентаралық байланыстарды дамыту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті.