Онлайн-ресурсқа орналастырылған хабарландырудың авторы өзін Average Joe деген никпен тіркеген. «Дереу басқа президент керек. Қазіргісі тым қымбатқа түсіп отыр», - деп жазған Average Joe Зуманың суретінің жанына.
Мәтінде сондай-ақ лот тек қана сату немесе айырбастау үшін қолжетімді екендігі жазылған, деп хабарлады Lenta.ru. "Сатамын немесе арзанырақ, ақылдырақ моделіне алмастырамын", - деп өткен автор. Оған қоса, келіп түскен кез келген ұсынысты қарайтынын мәлімдеген. Президентті сату туралы хабарландыру кейіннен алынып тасталды. Алайда ресурсты пайдаланушылар скриншотты әлеуметтік желілерге таратып үлгерді. Зума туралы хабарландыру қанша уақыт тұрғаны айтылмады, лотты алып тастаған автор ма, әлде онлайн-ресурстың әкімшілігі ме, ол жағы белгісіз.