ОАР билігінің мәлімдемесіне қарағанда, 95 жастағы Мандела әлі Преториядағы ауруханада жатыр. Ол осыдан 2 айдан астам уақыт бұрын ауруханаға өкпедегі инфекцияның кезекті мәрте ушығу диагнозымен түскен.
19:17, 31 Тамыз 2013
ОАР үкіметі елдің экс-президенті Н.Манделаның ауруханадан үйіне оралғандығы туралы ақпаратты теріске шығарды
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының Үкіметі елдің бұрынғы президенті Нельсон Манделаның ауруханадан үйіне оралғандығы туралы БАҚ-та жарияланған ақпараттарды теріске шығарды. Бұл туралы БИ-БИ-СИ хабарлады.