19:01, 10 Маусым 2009
«Объективте ? Астана» фотокөрмесіне елордалықтар түсірген фотосуреттер қойылады
Астана. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Объективте – Астана» фотобайқауына ықылас білдірген елорданың кез келген тұрғынының қатысуына болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Астананың ең әдемі, ең көрікті жерлерін түсірген аса тартымды және ең үздік фотосуреттер маусымның 28-і күні Конгресс-холдың алдындағы алаңқайда болатын фотокөрмеге қойылады. Фотобайқауға түрлі-түсті және ақ-қара фортосуреттер қабылданады. Әуесқой немесе кәсіпқой фотосуретшілерге қойылатын басты талап ? фотосуреттерде жарнамалық нышан болмауы тиіс. Байқаудың жеңімпаздары шілденің 5-і күні анықталады.