Обаманың сөзіне қарағанда, Кубаға қарсы эмбарго аяқталғалы жатыр, алайда оны толық алып тастау келіспеушіліктердің жойылуына байланысты болмақ.
"Кубаның болашағын кубалықтар таңдайды. АҚШ демократияны, соның ішінде кубалықтардың болашағын таңдау құқығын қолдайтынын айттым", - деді Обама.
АҚШ президенті денсаулық сақтау және білім беру салаларында кубалық биліктің жетістіктерін көріп отырғанын атап өтті.
Кубалық көшбасшы Рауль Кастро, өз кезегінде, блокада алынса, Вашингтон мен Гавана бұдан да асқан жетістіктерге жететінін білдірді.
Оның сөзіне қарағанда, қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында Обама әкімшілігі қабылдаған соңғы шаралар "маңызды, алайда жеткіліксіз" екенін білдірді.
Кастро Обамаға егер ол есімдері жазылған тізімді ұсынса, таңертеңге дейін саяси тұтқындарды босататынына сөз берді.
Жуырда Обама екі күндік ресми сапарымен Кубаға барды. Бұл 88 жыл ішіндегі АҚШ басшысының Кариб мемлекетіне алғаш рет келуі.