Обама әкімшілігі Ливиядағы елшісін, оның Wikileaks-ке белгілі болып қалған қызметтік хабарламасы үшін қызметінен босатуы мүмкін

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обаманың әкімшілігі Ливиядағы елшісін, оның Wikileaks-ке белгілі болып қалған қызметтік хабарламасы үшін қызметінен босатуы мүмкін.

Мемлекеттік департамент қызметкерлерінің хабарлауынша, Джин Кретц бұдан ары Ливия билігімен бірігіп жұмыс істеуінің қауіпті болуы мүмкін болғандықтан, Триполиге қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды Associated Press.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Филипп Кроулидің айтуынша, Джин Кретц қазір кеңесу үшін Вашингтонда жүрген көрінеді. Оның Триполиге оралар-оралмасы әзірге белгісіз.

Сонымен қатар, Wikileaks Ливия басшысы Муаммар Каддафидің 2009 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының отырысына қатысу үшін АҚШ-қа барған сапары кезінде, өз шатырын Манхеттенге орналастыруға және бұрын Бүкіләлемдік сауда үйінің ғимараты болған «егіз мұнаралар» тұрған жерді көруге рұқсат ала алмағанына қатты қапаланғандығын жариялаған.