Обама барлық штаттарды аралап шыққан АҚШ-тың төртінші басшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама өз президенттігі кезінде Американың түгел 50 штатын аралаған Құрама штаттардың төртінші басшысы атанды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Билікте болған 6,5 жыл ішінде Обаманың ең соңғы барған штаты Оңтүстік Дакота болды, онда мемлекет басшысы Уотертаун колледжінің студенттерінің алдында сөз сөйлеген.

Бұл өңір бірнеше жылдан бері демократтар үшін дауыс бермеген республикалық партия діңгегі саналады.

Бұған дейін 1969-1974 жылдары президент болған Ричард Никсон кемінде үш жылда АҚШ-тың барлық штатын аралап шыққан екен.