Обама дағдарысқа қарсы бағдарламаға ертең қол қояды
08:20, 16 Ақпан 2009
ВАШИНГТОН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама америка экономикасын 787 миллиард доллар сомаға ынталандыру жөніндегі жоспарға сейсенбі, ақпанның 17-сі күні қол қояды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап. Ақ үйдегі анонимді дерек көздің айтуынша, құжатқа қол қою рәсімі Дервенде болады. Конгрестің Өкілдер палатасы мен АҚШ Сенаты дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын өткен жұма күні бекіткен болатын.