Обама демалыс кезінде қандай кітаптар оқитынын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама өзінің жазғы демалысында бес кітап оқуды жоспарлауда. Олардың тізімі жұма күні, 12 тамызда Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Тізімде бірінші болып үздік ғұмырнама үшін 2016 жылғы Пулитцер сыйлығын иеленген Уильям Финнеганның «Жабай өмір: серфердің өмірі» кітабы тұр. Екінші орында - американдық романшы Колсон Уайтхедтің «Жерасты теміржолы» кітабы. Үштікті Хелен Макдональдтың «Мен қаршығамын» кітабы түйіндеген.

Сондай-ақ тізімге Пол Хокинстің психологиялық триллер жанрындағы «Пойызда келе жатқан қыз» романы енген, CNN басылымның атап өтуінше, бұл кітап бойынша кино түсірілді, ол прокатқа осы жылғы қазанда шығады, сондай-ақ Нил Стивенсонның «Жеті Хауа ана» фантастикалық романы бар.

АҚШ Президенті өзінің екіапталық демалысын отбасымен Массачусетс штатының Мартас-Винъярд аралында өткізеді, деп жазады РБК.