Ол өз баяндамасында Эболаның бақылаудан шығып бара жатқандығын, егер оны тез арада ауыздықтау мүмкін болмаса жүз мыңдаған адамның ажал құшуы ықтимал екендігін атап өтті.
Америка президенті әлемдік қауымдастықтарды бұл вирусты өршітпей, өз ошағында тұншықтыру үшін бұдан да тиімді амалдарды жасауға шақырды.
ДДСҰ шамамен осыған дейін Эбола безгегінен 2,5 мың адам өлді деген болжам айтады. Ал, БҰҰ үйлестірушісі Дэвид Набарро жақында бұл дертті толықтау тұншықтыру үшін 1 млрд. доллар қажет екенін айтқан.