«Келесі 8 жылда, ең болмағанда, келесі 4 жылда, нақтырақ айтқанда 3 жыл 1 айда қазіргі жұмыс орныма сенімдімін, және біз инфрақұрылым құру ісіне жаңа қарқын беру, өзара қарым-қатынастардың жаңаша түрлерін құру үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуге тырыспақпыз», деп мәлім етті Обама бейсенбі күні АҚШ-тың байырғы халықтары көшбасшыларының конференциясында.
Обама кеше президент болып сайлануының 1 жылдығын атап өтті. Ал президенттігінің 1 жылын ол қаңтардың 20-да, инаугурацияның бір жылдығы күні атап өтеді. Келесі президенттік сайлау АҚШ-та 2012 жылдың қараша айында болады.