Обама G7 саммитіне қатысу үшін Германияға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама мінген ұшақ германдық Мюнхен әуежайына қонды. Мемлекет басшысын Бавария премьер-министрі Хорст Зеехофер күтіп алды.

Америкалық көшбасшы ФГР-ға Жетілік топ саммитіне қатысу үшін келді. Ол әуежайдан жетілік көшбасшыларының кездесуі өтетін Эльмау қорғанына ұшатын тікұшаққа отырды.

Обама кейіннен Германия канцлері Ангела Меркельмен келіссөз жүргізуді жоспарлауда. Соңынан оларда Крюн коммунасының тұрғындарымен кездесу жоспарланған.

Екікүндік саммиттің басты тақырыбы - экономикалық өсім, климат, қауіпсіздік саясаты, денсаулық сақтау. Алқалы жиынның қауіпсіздігін 20 мыңға жуық полицейлер қамтамасыз етеді, шараға күллі әлемнен 3 мыңдай журналистер қатысады.