Бұл туралы Малайзиялық "Бернам" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап e-islam.kz порталы хабарлайды. Ақ үй басшысын 25 минут бойына мұсылман ғибадат үйімен таныстырған имам Исмаил Мұхаммадтың жоғарыда аталған өтінішіне Обаманың жауабы "Мен үшін дұға етіңіз..." болыпты. Өтінішке өтінішпен шыққан АҚШ президенті сөзінің соңында әр күн сайын әлем мұсылмандарының арасындағы зорлық-зомбылық пен қақтығыстарды тоқтатуға уақыт бөлетінін баса айтқан. Имамның сөзіне жүгінсек, Обаманы әлем мұсылмандары алдында тұрған мәселелер қатты алаңдататын көрінеді.
11:19, 30 Сәуір 2014
Обама имамның өтінішіне өтінішпен жауап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиядағы Ұлттық мешітке табан тіреген АҚШ президенті Барак Обамадан жергілікті имам "әлемдегі мұсылмандарды езіп-жаншуды тоқтатсаңыздар..." деген өтініш айтқан.