Обама ислам әлемі елдеріне сапарын бастайды
17:13, 03 Маусым 2009
МӘСКЕУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Барак Обама ислам әлемі елдеріне сапарын бастайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Бүгін оның Сауд Арабстанында болуы күтілуде, мұнда ол король Абдолламен келіссөздер жүргізеді. Ертең АҚШ Президенті Мысырға аттанады.Обаманың осы елдердің көшбасшыларымен келіссөздеріндегі басты тақырып ? таяушығыстық реттеу және АҚШ пен мұсылман елдері арасындағы диалогты жандандыру болмақ.