Обама Кенияда әжесімен бірге кешкі ас ішті (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама өзінің әжесімен және өзге де отбасы мүшелерімен бірге әкесінің отаны Кенияда кешкі ас ішті.

Reuters-тің хабарлауынша, Обама, оның әжесі, өгей әпкесі Аума Обама және бірнеше туған-туыстары америкалық президент тоқтаған Найроби отелінде бірге тамақтанған.

Бұдан бұрын кениялық әуежайда Обаманы елдің президенті Ухуру Кениата қарсы алғаны хабарланған болатын. Америкалық көшбасшының сапарына орай Кенияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.