Reuters-тің хабарлауынша, Обама, оның әжесі, өгей әпкесі Аума Обама және бірнеше туған-туыстары америкалық президент тоқтаған Найроби отелінде бірге тамақтанған.
Бұдан бұрын кениялық әуежайда Обаманы елдің президенті Ухуру Кениата қарсы алғаны хабарланған болатын. Америкалық көшбасшының сапарына орай Кенияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.