Обама Луизианадағы атыс жайлы хабардар болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Луизиана штатының Батон-Руж қаласында полицейлерге жасалған шабуыл жайлы хабардар болды, деп хабарлады Ақ үй.

Бұл туралы РИА Новости жазады.

«Президент полицейлерге оқ ату оқиғасы туралы хабардар болды және тәулік бойы бұл туралы мәлімдеп отыруды сұрады. Ақ үй жергілікті билікпен байланыста және қажет кез келген көмекті беру жөнінде ұсыныс жасады», делінген хабарламада.

Соңғы мәліметтер бойынша, үш полицей қаза тапты. 7 тәртіп сақшысы жаралы. Оның біреуі ауыр жағдайда.

Полицейлерге оқ атқан бір адамның көзі жойылды. Тағы екеуі қашып жүр.