Обама Медведевпен кездесуді асыға күтуде

ВАШИНГТОН. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Барак Обама ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесуді «асыға күтуде»,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы журналистермен болған тұрақты брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Роберт Гиббс мәлім етті. Мемлекет басшылары сәуір айында Лондонда өтетін G20 экономикалық саммитінде кездескелі отыр.